Оқиға • 13 Желтоқсан, 2020

Шонжыда өрттен бір отбасы көз жұмды

1339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бүгін таңғы 05.40-та төтенше жағдайлар қызметіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түскенін хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Шонжыда өрттен бір отбасы көз жұмды

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Бұл кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша салынған нысан отқа оранған еді.

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды. Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06. 45-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.