Қазіргі кезде мемлекет қазынасынан өңірлерге тиісті қаражат бөлініп отыр. Алайда, атқарылған жұмыс бөлінген ақшаның көлеміне сай болуы керек. Ал, бұл көрсеткіш Жамбыл облысында қай деңгейде? Жуырда Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы бірқатар басшылардың идеологиялық салада атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал Досымбекова Мемлекет басшысының қолдауымен өңірде "Бейбітшілік пен келісім» жобасы жүзеге асырылуда екенін, тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін өзекті мәселелерді ескере отырып, қауіп-қатерлер картасы әзірленгенін, "Асарлатып үй салу" жобасы аясында 123 үйдің құрылысы басталып, бүгінгі таңда 60 үйдің кілті табысталғанын, ал, "Үлгілі ауыл" байқауына 13 ауыл қатысқанын баяндады. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің айтуынша, ағымдағы жылы аталған саланы дамытуға 5,8 миллиард теңге бөлінген. Спортпен жүйелі шұғылданатын жамбылдықтардың саны 359,3 мың адамды құрайды. Бұл орайда, облыс тұрғындары үшін қолжетімді 2590 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Спорттың әр түрі бойынша еліміздің ұлттық құрамасының құрамына 1121 жамбылдық спортшы енген. Басқарма басшысы бір жаттықтырушыға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 42 спортшыға еліміздің спорт шебері, екі спортшыға халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бір маманға ұлттық спорт түрлері бойынша спорт шебері атағы берілгенін жеткізді. Ал, 23 маман жоғары санаттағы жаттықтырушылар атанған. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасына жолдама алған дзюдошы Елдос Сметов, еркін күрес шебері Әлішер Ерғали, боксшы Әбілхан Аманқұл өңіріміздің мақтанышы екенін де атап өтті.
Сонымен қатар, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сара Мәдиева ағымдағы жылы облыстың мәдениет саласына 7,1 миллиард теңге, ал "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 499,4 миллион теңге бөлініп, игерілуде екенін айтты. "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша жалпы көлемі 660 миллион теңгеге үш мәдени нысанның құрылысы жүзеге асырылуда екен. Ал, "Цифрлық Қазақстан" кешенді бағдарламасы шеңберінде 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 202 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған. Карантин талаптарының енгізілуіне байланысты биылғы жылғы наурыз айынан бастап онлайн режимде 10444 іс-шара ұйымдастырылған. Өз сөзінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров өңірде 358 діни бірлестік пен филиал, 312 мешіт және 46 шіркеу жұмыс істейтінін хабарлады. Қазір көптеген адамдар өзінің пікірлерін әлеуметтік желі арқылы білдіруде. Көптеген сындар айтылуда. Олардыкі орынды. Алайда, тұрғындар көбіне аймақта жүзеге асып жатқан ауқымды шаралар туралы біле бермейді. Сондықтан ішкі саясат басқармасы әлеуметтік желілермен жұмыс жасауы тиіс. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін бақылауға алу қажет. Оларға жеткілікті деңгейде қаражат бөлінуде. Жұмыс та соған сай болуы керек. Неге облыстық филармония ауылдарға барып, ауыл тұрғындарына өнер көрсетпейді? Осыған назар аударуыңызды сұраймын", деді Бердібек Сапарбаев.
Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Жамбыл облысы жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Өңірдегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс секілді алты негізгі салаларының даму динамикасы айрықша маңызды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, оның қысқамерзімді экономикалық индикаторы 102,5 пайызды құраған. Сондай-ақ, ол ел Үкіметі мен облыс әкімі арасындағы меморандумда белгіленген индикаторлардың орындалуы туралы баяндап, бүгінгі таңда 22 индикатордың 18-не қол жеткізілсе, біреуінің асыра орындалғанын айтты. Ал, 3 индикаторға қол жеткізілмеген. Өнеркәсіп өнімдерінің экспорты мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу көрсеткіштері төмен болған. Ал, үшінші индикатордың орындалмауына ана өлімі әсер еткен. Өткен кезеңде облыстық бюджеттің атқарылуы кірістер бойынша 102 пайызды құрап, салықтық түсімдер 110,3 пайызға қамтамасыз етілген. Бұл ретте облыс бойынша бюджет қаражатын игеру 99,4 пайызды құраған. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева бүгінгі таңда игерілмеген 2 миллиард 493 миллион теңге қалып отырғанын, осы орайда Шу ауданының жұмысы баяу екенін, онда игерілмеген бюджет қаражатының көлемі 329,7 миллион теңгені құрап отырғанын жеткізді. Ал, алдын ала есептеулер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасында 364 миллион теңгеден астам қаражат игерілмей қалу ықтималдылығы да айтылды. Бұл тізімге Тараз қаласы, Байзақ ауданы мен облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы да енеді. Бұл орайда, Бердібек Сапарбаев Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне бөлінген бюджет қаражатын игеруге және 2020 жылға белгіленген міндеттемелерді орындауға бар күш-жігерлерін салуды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі коронавирус бойынша жағдай әлі де алаңдатарлық күйде екенін атап өтті. Сонымен қатар, әкім өңірдегі бас дәрігерлерге тұрғындар сапалы медициналық қызмет алуы үшін басқа елге сабылмауы керектігін ескертті.
Бердібек Сапарбаев облыстық перинаталдық орталықта өткен кездесуге де қатысып, денсаулық сақтау саласындағы жағдаймен танысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, аталған саланы дамытуға 90 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Облыстық көпбейінді аурухананың базасында дұрыс тамақтану орталығы, көпбейінді балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылған. Жедел жәрдем машиналары GPS навигациясымен жабдықталған. Сондай-ақ, 18 реанимобиль, 8 жылжымалы медициналық кешен және 70 санитарлық автомобиль сатып алынып, 1 069 079 тұрғынның электрондық денсаулық паспорты рәсімделген. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 10 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден, 4 нысан ағымдағы жөндеуден өткен. Алайда, өкінішке қарай, ана өлімі, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші артқан. Бұл ретте әкім дәрігерлер жүкті әйелдердің есебін жүргізіп, олардың уақытылы тексеруден өтуін қадағалауы керектігін тапсырды. Сонымен қатар, бүгінде жалпы 4000-нан астам төсек-орын әзірленіп, дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жасақталған. Жаз айымен салыстырғанда қазір медициналық жабдықтардың саны артқан. Алайда, жиында медицина мамандардың жетіспеушілігі сөз болды. Облысқа 194 жас маман келсе, оның 76-сы Тараз қаласында, 118-і аудандарда жұмысқа орналасқан. 98 маманға әлеуметтік көмек көрсетіліп, олардың 15-і тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Мамандар мәселесін шешу үшін Тараз қалалық көпсалалы аурухана базасында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылатын болды. Ал, келер жылы онкологиялық орталық ашылады. Оның жанынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында көпсалалы аурухана салынады. Бердібек Сапарбаев басқа өңірлердің тәжірибесін негізге ала отырып, мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылатынын, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық қабылданып жатқан қолдау шараларына қарамастан, денсаулық сақтау саласының қазіргі жай-күйі көңіл көншітпейтінін баса айтты.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар