05 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы №243

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 қазанда, Астана қаласы
«Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Іс жүргізу және құжаттарды сақтау саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7911 болып тіркелген, 2012 жылғы №23 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік органдар актілерінің жинағында жарияланған) мынадай өзгерістерді енгізілсін:
осы бұйрықтың 1-қосымшасында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«БСН_________________________________________________________»;
осы бұйрықтың 2-қосымшасында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«БСН_________________________________________________________».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми жариялануын, кейін жарияланғаны туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынсын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр            М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
––––––––––––
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8920 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Жылқы көбейсе – ел ырысы

Шаруашылық • Бүгін, 09:15

Жазатайым оқиға азаймай тұр

Мәселе • Бүгін, 09:00

Айтыс саңлағы

Руханият • Бүгін, 08:53