Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020

Мақтааралда көпбалалы отбасыларға жарты миллиард теңге бөлінді

90 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша аз қамтылған көпбалалы аналарға 420 000 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат тұрғын үй алуға жұмсалады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 50 баспананы сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мақтааралда көпбалалы отбасыларға жарты миллиард теңге бөлінді

Техногендік апат болған Мақтаарал ауданында  21 әлеуметтік нысанның  құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде орталық стадион биыл пайдалануға тапсырылды және 20 нысан 2021 жылы аяқталады.

«Төтенше жағдай салдарын жою бойынша 8 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Бір мектеп, бір балабақша, бір полиция пункті, 3 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Салыстырмалы түрде алсақ, Мақтаарал ауданында 2019 жылы құрылыс саласына 7 917 миллиард теңге қаралса, 2020 жылға 29 миллиард теңге бөлінді», деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Сондай-ақ, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, бір дәрігерлік амбулатория мен бір полициялық тірек пункті салынып жатыр.

Мақтаарал ауданында 2018 жылы 69 елді мекеннің 67-і, яғни  99,9% тұрғындар ауыз сумен қамтылды деген көрсеткіш бар. Алайда кейбір ауылдарда су жүйелерінің тозығы жеткен. 2018-2019 жылдары 5 елді мекендегі (Қоңырат, Дихан, Алғабас, Мақтажан, Жеңіс) ауыз су жүйелері жаңартылды. 2020 жылы тағы 5 нысанның (Наурыз, Алаш, Өргебас, Атакент, Береке) құрылысына бюджеттен 274 миллионға жуық теңге бөлініп, 3 нысанның (Наурыз, Алаш, Өргебас) құрылысы аяқталды.

2021 жылы 3 нысанның (Атакент, Береке, Иіржар) құрылысына бюджеттен 516 миллион теңге бөлінді.

2018 жылы 69 елді мекенің 27-і, яғни 57,8%  тұрғындары табиғи газбен қамтылған болатын. 2018-2019 жылдары жүргізілген жұмыс нәтижесінде тағы 9 елді мекенге газ жеткізіліп, газбен қамтылған тұрғындар үлесі 63%-дан асты.

Мақтаарал ауданында шалғайдағы шағын 8 үй, 55 адам тұратын Достық елді мекенінен басқа барлық ауыл орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Алғабас, Пернебаев, Қоңырат ауылдарындағы тозығы жеткен электр желісін жаңартуға 2021 жылға бюджеттен 130 миллион теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар