Қоғам • 15 Желтоқсан, 2020

Айыппұл – 600 мың

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желтоқсан жете салысымен жұрт жаңа жылды тойлауға желпінеді. Биыл қалай болары белгісіз, бірақ Өскеменнің көшелерін әлем-жәлем әсемдеуге 40 миллион теңге бөлінген.

Айыппұл – 600 мың

Халыққа мерекелік кө­ңіл күй сыйлау үшін қазы­надан миллиондап қаржы қарас­ты­рыл­ғанымен, орталық алаңға үшінші жыл қатарынан жасанды шырша орнатылады. Дұрыс, әрине. Оған ешкімнің дауы жоқ. Бала-шағаны мәз ету үшін үйді-үйге де жасанды шырша қойған жөн шығар. Алайда Жа­ңа жыл жақындағанда орман-тоғайлардағы жайқалып өскен жасыл шыршалар қырқылады.

Биыл 30 қарашада Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мемлекеттік орман қоры аумағында жаңа жыл қарсаңында қылқанжапырақты ағаштарды қорғауды күшейту туралы бұйрығы шыққан. Со­ған сәйкес, орманды жерде қыл­­қанжапырақты ағашты кесуге үзілді-кесілді тыйым са­­­лын­ған. Шыршаны тек ор­манды ал­қаптарды күтіп-бап­тау үшін және арнайы жаңа жылдық плантацияларда өссе ғана кесуге рұқсат. Сондай-ақ жасыл шырша мәдени іс-шаралар өт­кізу үшін ұйымдар мен мекеме­лерге облыс әкім­дігінің өтініштері негізінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқ­­саты бойынша ғана босатылады. Ал тұрғындарға арнайы ыдыс­тағы тірі шыршаларды ғана сатуға рұқсат етіледі.

Шығыста шыршаны заң­сыз кесуден қорғау үшін 1 жел­­­тоқсаннан бастап орман ал­­­қаптарына апаратын негізгі жол­дарда бақылау бекеттері ұйым­­дастырылады, арнайы мо­биль­ді топтар құрылады.

Ескерте кетерлігі, қылқан­жапырақты ағашты заңсыз кескені үшін «Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы» кодекс­тің 381-1-бабына және Қыл­мыстық кодекстің 340-бабына сәй­кес хаттама толтырылып, заң бұзған азаматқа 600 мың тең­геге дейін айыппұл салынады.

 

Шығыс Қазақстан облысы