Футбол • 15 Желтоқсан, 2020

ҚПЛ шартты құрамасын жариялады

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚПЛ-дің биылғы маусымының қорытындысы бойынша шартты құраманың тізімін жария етті.

ҚПЛ шартты құрамасын жариялады

30 қарашада мәресіне жеткен 2020 жыл­ғы ел біріншілігінде араға 16 жыл салып Алматының «Қайраты» топ жарған болатын. Нәтижесінде, чемпионаттың символикалық құрамасына чемпиондардың бес футболшысы енген. Ал күміс жүлдегер «Тобыл» мен жетінші орын иегері «Қайсар» командасынан екі ойыншыдан, қола жүлдегер «Астана» мен бесінші орын алған «Ордабасы» клубтарынан бір-бір ойыншыдан еніп отыр.

Қақпашы – А.Мокин («Тобыл»). Қор­ғау­шылар – І.Әмірсейітов («Қайсар»), Р.Дугалич, Н.Әліп, Ғ.Сүйімбаев (үшеуі де – «Қайрат»). Жар­тылай қорғаушылар – Д.Канкава («Тобыл»), Т.Барсегян («Астана»), А.Тағыберген («Қайсар»), Ж.Пауло («Ордабасы). Шабуылшылар – А.Айым­бетов, В.Лав (екеуі де – «Қайрат»).