Еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік әрекетін баяндайтын «Біз болмасақ, онда кім?» әніне арналған бейнеклипінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі кезекте еліміздің үлкен экрандарына жол тартқалы тұр. Аталған клиптің мақсаты әскери қызметті насихаттау, жеке құрам және азаматтық жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды ұйымдастырып, қоғамда Ұлттық ұлан имиджін көтеру.
– Бұл бейнеклипті түсіру идеясының иесі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов. Әскер тәлімгерлері мен Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің алдына үлкен тапсырма қойылды. Ол – еліміздің жастарына түсінікті, аға буынға ұғынықты, қалың тыңдарман қабылдай алатын жаңа өлеңді жазып шығу. Біздің өнерпаздар осы тапсырма аясында әннің мәтінін жазды, музыканттарымыз қажетті әуенді таңдады. Нәтижесінде, сөзі салмақты, ырғағы жеңіл, речетатив стилінде «Біз болмасақ, онда кім?» әні өмірге келді. Бұл біздің ортақ жетістігіміз және болашақта тыңдармандардың жүрегінен орын алады деп ойлаймын, – дейді «Ән-би» ансамблінің басшысы майор Дархан Рахымғалиев.
Бейнеклип еліміздің екі өңірінде – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында түсірілді. Түсірілімге Ұлттық ұланның әскери бөлімдері мен техникасы, жеке құрамы тартылды. Әнді «Ән-би» ансамблінің өнерпаздары орындады. Бейнеклипті түсіруге отандық «АЮ синема» кинокомпаниясы мұрындық болды.
Бүгінгі таңда ансамбль музыканттары мен солистерінің орындауындағы әскери-патриоттық әндер еліміздегі барлық маңызды шаралардың келбеті бола білді. Әскери тақырыпқа байланысты бірде-бір концерт ұландық өнерпаздардың қатысуынсыз өтпейді. Ұлттық ұлан «Ән-би» ансамблі мемлекетіміздің орталық залдарында Гала-концерт беретін бірегей әскери-музыкалық ұжым.
«Біз болмасақ, онда кім...
Байтақ елдің қыраны,
Жүрегі дүрсіл соғады.
Ел тізгінін берік ұстап,
Ар мен намыс ұраны!»... деп басталатын жаңа туынды тыңдармандардың жүректеріне жол табады деп сенеміз.


Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар