Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2020

Электронды үкіметте биометриялық деректердің көмегі оңтайландырылды

118 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Агенттік) мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Электронды үкіметте биометриялық деректердің көмегі оңтайландырылды

Кеңес барысында министрлік басшысы Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған цифрлы өнімдерді таныстырды. Атап айтқанда, биометриялық деректердің көмегімен электронды үкімет порталында тіркелу.

Осылайша, электронды үкімет қосымшасында тіркелу үшін смартфондағы камера жеткілікті. Тұлғаны биометриялық сәйкестендіру пайдаланушыны тексеру сұрақтарын қою арқылы дербес анықтайды және тіркейді.

Аталған тетік электронды цифрлы қолтаңба және мобильді азаматтар базасында тіркелу қажеттілігін болдырмай, тіркеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

1

«Бұған дейін мен Мемлекет басшысына биометрияның көмегімен жыл соңына дейін тіркеу жобасын іске асыруға уәде берген едім, бүгін біз оны алғаш рет таныстырып отырмыз. Енді әрбір қазақстандық бір минут ішінде мобильді азаматтар базасында, eGov порталында тіркеліп, ЭЦҚ ала алады. Бұл процесті бір қадамға дейін жеңілдетумен қатар, жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, бәріміз білетіндей, жемқорлық төменнен басталады», деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін оңтайландыруда және экономика салаларын цифрландыруда платформалық тәсіл таныстырылды.

Сонымен қатар Министр Ақтөбе қаласында жер қатынастары саласын цифрландыруға бағытталған пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы айтты. Қазір Ақтөбе тұрғындары электронды үкімет порталындағы аукциондар арқылы жер телімдерін сатып ала алады. Болашақта бұл жобаны бүкіл елге кеңейту жоспарланып отыр.

1

Бағдат Мусин екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) және басқа компаниялармен бірлескен жобаларды ұсынды. Министр цифрландыруға монополия жоқ екенін және қазір жеке бизнес халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынуға қатысып жатқанын атап өтті.

Кеңес барысында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Министрліктің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдан бастап ашылған ЦДИАӨМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын атап өтті.

Өз кезегінде Агенттік өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар және әрбір қызметкердің еліміздің игілігі үшін адал және парасатты еңбегінің маңыздылығы туралы айтып берді.

«Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық идеологиясына еніп, шыншылдық пен әділдік сияқты қағидаттарға адалдығын іс жүзінде көрсете бастауы маңызды. Ең бастысы – оң өзгерістерге деген ниет пен ерік», деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, министрлік цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажет уәкілетті орган ғана емес, сонымен қатар тиімді цифрлы құралдарды енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тұрғысынан барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық серіктесі болып көрінеді.

Министрліктің барлық мемлекеттік қызметтерді цифрландыру есебінен адами факторды алып тастау жөніндегі міндетін ескере отырып, ведомствоның өзінің қағаз форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуіне жол бермеуі аса маңызды болып табылады. Министрлік басқа мемлекеттік органдар үшін оның ашықтығы мен айқындылығы бойынша эталон болуы тиіс.

1

Кеңес соңында министрлікке қоғамның пікірлері мен үміттерін ескере отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың, парасаттылық қағидаттарын насихаттаудың және халықтың цифрлы сауаттылығын арттырудың нақты жоспарын құру ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін осындай кездесулер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, денсаулық сақтау, қаржы, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, экология, білім және ғылым, төтенше жағдайлар министрліктерінің ұжымдарымен өткен болатын.