Күрес • 16 Желтоқсан, 2020

Ең үздік «классиктер» анықталды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Сербияның бас шаһары – Белградта күрес түрлерінен Әлем кубогы жолындағы жарыс өтіп жатыр. Кеше аталған додада грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.

Ең үздік «классиктер» анықталды

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жекелеген Әлем кубогында «классиктер» арасында 10 медаль жиынтығы сарапқа салынған. Жаһандық жарыста 7 алтын жеңіп алған Ресей балуандары жалпы­командалық есеп бойынша көш бастады. Екінші орынға 2 алтын, 3 қола еншілеген Мажарстан құрамасы орналасса, 1 алтын, 3 күміс иеленген Беларусь командасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетелік, еліміздегі коронавирустың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия шешімімен Сербиядағы Әлем кубогына қазақстандық спортшылар қатысқан жоқ.

Соңғы жаңалықтар