06 Желтоқсан, 2013

Технологиялық әріптестікті нығайту үшін

446 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен үстіміздегі жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылған болатын. Холдингке экономиканы әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, еншілес компанияларда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру міндеттері жүктелген.

Мемлекет басшысының Жарлығымен үстіміздегі жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылған болатын. Холдингке экономиканы әртараптандыруға ықпал ету, инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, еншілес компанияларда корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру міндеттері жүктелген.

Жақында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің делегациясы Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар осы елдің инновациялық технологияларды дамыту саласындағы тәжірибесін зерттеп, осы бағытта әріптестік қарым-қатынастар орнатуға арналды.

Сапар аясында инновациялық технологияларды дамытумен айналысатын мемлекеттік органдар, іскерлік және ғылыми орта өкілдерімен кездесулер өтті. «Бәйтерек» холдингінің бас­қарушы директоры- басқарма мүшесі Қаныш Тілеушин бас­таған делегация Германияның федералдық экономика және технологиялар министрлігі, неміс орта кәсіпкерлерінің федералдық одағы, «Мемлекеттік-жеке кә­сіп­керлік» АҚ, Төменгі Саксо­нияның «Inno­va­tives Nieder­sachsen GmbH» ин­новация­лық-технологиялық ор­та­­лығы, Ганновер универси­те­ті­нің «Unitransfer» техноло­гиялар трансферттеу орталы­ғы, Бонндағы High-Tech Grün­derfonds (HTGF) венчурлық-инвес­тициялық ком­­паниясының өкілдерімен келіс­сөздер жүргізді.

Кездесулер барысында екі елдің инновациялық жүйе­сі­не жауапты мекемелер негізін­де Қазақстан-Германия тех­но­ло­гиялық әріп­тес­тік орталығын құру мәселесі тал­қыланды. Қазақстан жағы мұндай орталық жұмысын келесі жылы ұйымдастыруға дайындық білдіріп отыр. «Бәй­терек» холдингінің құрамындағы «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ жанында қазіргі таңда Қа­зақстан-Ко­рея, Қазақстан-Франция, Қазақ­стан-Норвегия, Қазақстан-АҚШ елдерімен бірлескен тех­но­логиялық әріптестік орталық­тары жұмыс істейді. Оларда қазақстандық өкілдер трансферттеу жөніндегі агенттер ретінде жұмыс істеп, технологиялар мен қазақстандық мамандар үшін қажетті тренингтік бағдарламалар іздестірумен айналысады, бірлескен инно­вациялық, ғылыми-зерттеу жобаларына ұйыт­қы болады.

Қазақстан мен Германия ара­сындағы сан тарапты қарым-қатынастар ғылым, инновация, технологиялар саласындағы әріп­тестікті дамытуға негіз қа­лап отыр. Екі елдің минералды ресурстар, индустрия және технологиялар саласындағы әріптестігі Қазақстан мен Гер­мания федеративтік рес­публи­касы үкіметтері арасында 2012 жылдың 8 ақпанында Берлин қаласында жасалған келісіммен бекітілген. Аталмыш Келісімнің негізгі қағидаты – Қазақстан шикізатын неміс технологияларына айырбастау. Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар, неміс компаниялары мен банктерінің өкілдіктерін қосқанда герман капи­талының қатысуымен 1250 экономикалық құрылым тір­кел­ген. Негізінен олар өңдеу өнер­кәсібі, құрылыс, көлік және байланыс, ауыл шаруашылығы, басқа да коммуналдық, әлеумет­тік және жеке қызмет көрсету, эконо­ми­каның басқа да салаларын қамтып отыр. Қазақстанда «Сименс», «Даймлер», «Фольк­с­ваген», «Метро», «ТиссенКруп», «Ман», «РВЕ», «Кнауф», «ЕАДС», «Байер», «БАСФ», «Бош» сын­ды ком­паниялар мен концерн­дердің өкілдіктері бар.

Сапар барысында High-Tech Gründerfonds компаниясының өкілдерімен бірлесіп венчурлық қор құру, «Бәйтерек» холдингі жасақтағалы отырған жаңа технологиялар қорын инвестициялау мүмкіндіктері талқыланды. Қазіргі таңда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 7 жыл мерзімдік үлес көле­мі 49 пайыздан аспайтын (1 вен­чур­лық қор үшін 15,5 млн. АҚШ долларынан аспайды) венчур­лық қорларға қатысуда. Аталмыш агенттіктің шетелдік венчур­лық қорлармен жұмыс істеу тәжірибесі де бар. Мысалы, Техно­логиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің жарғылық қоры 150 млн. еуро болатын Wellington Partners III Technology Fund L.P. венчурлық қорындағы үлесі 7,7 млн. еуроны құрайды. Қазіргі таңда IT және жаңа техно­логиялар бағытында жұмыс істейтін 11 компания қаржы­лан­дыруда.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар