Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2020

Атырау облысында көпшілік іс-шаралар өткізілмейді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар көбейген Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді. Осыған байланысты бас санитар дәрігердің қаулысымен көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысында көпшілік іс-шаралар өткізілмейді

«Көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларын, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтой00лар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын. Барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлар, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметі тоқтатылсын», делінген қаулыда.