Саясат • 20 Желтоқсан, 2020

Мерекелік жиынға омбылық, самаралық қазақтар қатысты

313 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс орталығында онлайн-форматта «Тәуелсіз Қазақ­стан тарих толқынында» халық­аралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына ғалымдар, облыс­тық ҚХА этномәдени бірлестік­терінің жетекшілері, омбылық, самаралық қазақтар, жергілікті сту­денттер қатысты.

Мерекелік жиынға омбылық, самаралық қазақтар қатысты

Суретті түсірген Ербол Теміров

Жиынға облыс әкімнің орынбасары Айзада Құрманова қатысты. Өз сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың ел Тәуел­сіз­дігін нығайтудағы еңбегі туралы айтып өтті.

Ал, 1986 жылғы Желтоқсан оқи­ғасына қатысқан, Торайғыров уни­вер­ситеті Е.Бекмаханов атындағы ғылыми-практикалық орталықтың директоры Амантай Құдабаев Тәуел­сіздік және қазақ халқының оған барар жолдағы қиындықтары туралы тарих сабақ жастардың са­насының дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.

Сонымен бірге, «Ақ бұлақ» қазақ жексенбілік ұлттық мектебінің педагогы, Самара облысының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Айгүл Жәлелова Самарада қазақ балаларына ана тілін, туған халқының салт-дәстүрлерін үйрету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

– 2003 жылдан бастап Самара облысында «Айгүл» халық би ансам­блі және «Маржан» халық сән театры жұмыс істейді, – деді Айгүл Жәлелова. – «Маржан» сән театры қазақтың ұлттық киімдері негі­зінде сәндік коллекциялар әзір­лей­ді. Осы коллекциялармен сән театры көп жылдар бойы қаланың үл­кен алаңдарында өнер көрсетіп, қазақтың ұлттық киімдерін балалар мен жасөспірімдердің өнері мен шығармашылығының керемет туын­­дысы ретінде көрсетіп, қазақ хал­қының мәдениетін насихаттайды.

«Ақ бұлақ» мектебінің педагогтары «Ата мұра» қазақ мәдениеті мерекесі, «Қазақ сұлуы», «Жігіт сұл­таны» байқаулары, «Алтын балапан» балалар сұлулық конкурсы және т.б. сияқты туған халқының салт-дәстүрлерін зерделеу бойынша көптеген жобалардың авторлары болып табылады.

Омбыдағы «Мөлдір» қазақ мә­­дениеті орталығының мүшесі Мұрат Шолақов домбырада ойнауды үйреніп, туған халқының дүние­танымының тереңдігін түсіне алғанын айтты. Сондай-ақ ол өз баяндамасында Ресей аумағында тұратын қазақ жастары үшін ана тілі мен ұлт мәдениетін зерделеу маңызды екенін атап өтті.

 

Павлодар облысы