Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

«Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран тарту етті

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі мен Азия мұсылмандары Комитетінің еліміздегі өкілдігі облыстық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран тарту етті. Қасиетті кітап аудан, қала, ауыл мешіттеріне, медресе-колледждерге, кітапханаларға таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран тарту етті

Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді Кувейт мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдулла әл-Фараж мырза мен Азия мұсылмандары Комитетінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.

«Құранның мағынасын түсінетін адамның Алланың ескертулерін оқығанда көзіне жас алмауы мүмкін емес. Елімізде дін атын жамылған ағымдарға ергендер Құранның мағынасын білмегендіктен адасып жүр. Құранның тілін білгенімен, мағынасын түсінбей қиындыққа душар болған», деді ҚМДБ Түркістан облысы бойынша зекет өкілі Еркін Полатов.

98

Ұстаздар Құранның аудармасын көп оқыған адамдар сүрелерді оңай жаттайтынын айтады. Әрі сөздік қор жинауға жол ашады. Айта кетейік, Кувейт елшілігі мен Азия мұсылмандары Комитеті тарапынан жылына бірнеше рет қайырымдылық өткізіледі. Сондай-ақ, ілкімді жобалар жүзеге асырылып келеді.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар