Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 511 адам қайтыс болды, ауруханалардан 20 мыңнан астам науқас шығарылды. Атап айтқанда, Мәскеуде 4790 адам, Санкт-Петербургте — 2326, Мәскеу облысында — 1098 адам індеттен айығып, ауруханадан шығарылды.
Көктемнен бері Ресейде коронавирус жұқтырған 2 848 377 адам тіркелді, олардың 50,9 мыңнан астамы қайтыс болды, 2,28 миллион адам емделіп шықты.