Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2020

Түркістанда жұқпалы аурулар госпиталі ашылады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталуға жақын. Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы шараларды күшейтуге қатысты берген тапсырмасымен бой көтерген жаңа орталық заманауи техникамен толық жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда жұқпалы аурулар госпиталі ашылады

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін орталық 60 күнде салынды. Жеті мың шаршы метр аумаққа орналасқан инфекциялық госпиталь 200 орынға лайықталған. Әр төсек - орынға жасанды тыныс алу қондырғысы орнатылған. Медициналық құрал-жабдықтың бәрі қамтылған. Жансақтау бөлімі, зертханасы бар. Емделушілердің денсаулығын арнайы білезіктер арқылы бақылауға болады.

Сондай-ақ Түркістанда 8 қабатты кешенді емдеу орталығының құрылысы жүргізілуде. Аумағы 100 мың шаршы метрге жуық емхана құрылысы шілде айында басталған. 630 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы мемлекет - жекеменшік әріптестігі шеңберінде жүзеге асырылуда. «Sembol construction» түрік компаниясының қаржыландыруымен салынып жатқан кешенді емдеу орталығы келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Орталық толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Құрылыс алаңдарында болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігерлерге нысанды кестеге сәйкес аяқтауды міндеттеп, сапаға баса назар аударуды ескертті.

74

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар