Білім • 20 Желтоқсан, 2020

III тоқсанда оқушылар қалай оқиды

3738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ведомствоаралық комиссияның отырысында білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

III тоқсанда оқушылар қалай оқиды

ВАК шешімі бойынша оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ын – дәстүрлі форматта, 30%-ын – қашықтан) қарастырылады.

Оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.

II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлағанбыз.