Жол апаты 19 желтоқсанда «Индер-Атырау» трассасында болған. Индер ауданының Ынтымақ ауылында тұратын 32 жастағы жүргізуші «Приора» маркалы көлігімен Ақтау қаласынан келген әпкесін 4 баласымен бірге Атырауға жеткізу үшін жолға шыққан екен. Бірақ олар Атырау қаласына дейін жете алмады. Өйткені жолда көлік аударылып, жол-көлік апатынан 32 жастағы жүргізуші мен 38 жастағы әйел көз жұмды.
Аударылған көліктегі төрт бала аман қалды. Қазір жол апатына байланысты сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.