Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020

Жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде ауылды жерлерде тұратын халықты бастапқы меди­ци­на­лық диагностикамен қамтамасыз ету мақсатында 100 жыл­­жымалы медициналық кешен жеткізіле бастады. Бұл тура­­лы Ин­дус­трия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ха­­бар­ла­ды.

Жылжымалы медициналық кешен жеткізілді

Өңірлерді осы кешендермен қамту жұмыстары қарашаның соңында аяқталады деп жос­пар­лануда. Аталған жылжыма­лы қон­дырғы азаматтардың ден­сау­лы­­ғын кең спектрлі тексеруден өткізуге арналған. Ол жалпы қа­был­дау, тәжірибелік дәрігер және талдауларды қабылдау аймағы, дәріхана пункті, функционалды диагностика, акушер-гинеколог, сондай-ақ сәулелік диагностика кабинеттерінен тұрады.

Мобильді медициналық ор­та­лық­та арнайы қорғасынмен қап­тал­ған бөлме орнатылып, онда рент­ген және флюорографияны қа­­уіпсіз жағдайда жасауға бо­ла­­ды.

Кабинеттер компьютер, еден та­разысы, отоскоп, офталь­мос­коп, биохимиялық және гема­то­ло­гиялық анализатор, коагулограф, лейкоциттер есептегіші, ЭКГ, УДЗ, глюкометр секілді зама­науи цифрлы жабдықтармен қам­тылған.

Медициналық кешеннің тағы бір ерекшелігі – автономды жүйе, атап айтқанда автобуста 16 кило­ват­тық генератор орнатылып, қа­жет кезде қалалық электр желісіне де қосылуға қауқарлы. Толық термо­оқшаулау және антиковид жүйесі қауіпсіз жұмыс істеу үшін оңтайлы жағ­дай жасайды. Мүм­кіндігі шек­теулі жандарды қабылдауға авто­мат­тандырылған пандус-лифт қарастырылған.

Жылжымалы медициналық кешен Денсаулық сақтау минис­тр­­лі­гінің тапсырысына сәйкес, отан­­дық кәсіпорындарда жасал­ды.

Денсаулық сақтау минис­трлі­гі мен Индустрия және инфра­­құ­ры­лым­­дық даму министр­лі­гінің Жол кар­тасы аясында «Өнер­кәсіпті да­мыту қоры» АҚ лизинг­тік қар­жы­ландыру тетігі есебінен елі­міз­де биыл ұзын саны 1167 сани­тарлық автокөлікті жаңарту жос­пар­ланған.