Алматы қаласында 21 желтоқсан сағат 6.00-дегі жағдай бойынша 6 см-ге дейін, ал шаһардың таулы аймақтарына 8-10 см қар түскен.
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтардың кіреберісіне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қар тазаланды. Оған 4 100 тонна материал пайдаланылған.
Әкімдіктің хабарлауынша, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жаяу жүргінші аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6.00-де 230 текше метр қар үйіндісі шығарылған.
Бүгін қар күреу жұмыстарына 596 техника және 1 610 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде жұмыс барысын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін Алматыда ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8 болады. Қар түске дейін тоқтайды.