Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2020

ПТР-анықтамасыз келген үш қазақстандықтан COVID-19 анықталды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

ПТР-анықтамасыз келген үш қазақстандықтан COVID-19 анықталды

2 824 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 461 адам, анықтамасыз 363 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

 Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 633 жолаушы, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз - 143;

 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен - 922; анықтамасыз - 220;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;

 Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 19 желтоқсанында анықтамасыз келген 237 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфуркт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.