Спорт • 21 Желтоқсан, 2020

Қазақстандық үш шорт-трекші спорттық мансабын аяқтады

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық командасының үш мүшесі спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық үш шорт-трекші спорттық мансабын аяқтады

Атап айтар болсақ, әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Нұрберген Жұмағазиев пен Әлия Ким және Анастасия Крестовалар үлкен спортпен қош айтысқан. 

«Бұған дейін ерлер мен әйелдер командасында алты спортшыдан болған. Қазіргі таңда олардың санын төртке дейін қысқарттық. Әзірге, құрамаға жаңадан келген спортшылар жоқ. Спортшылар қазан айының ортасынан бері жаттығу жиындарына қатысып жатыр. ISU 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдеріне қатысты мәлімдеме жасап, екі кубоктік доданың өтпейтінін хабарлады. Бірақ Нидерландтағы әлем чемпионаты әлі күнтізбеде тұр», - дейді бас бапкер.