21 Желтоқсан, 2020

Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан 24 жүргізуші анықталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда жыл басынан бері 24 жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан 24 жүргізуші анықталды

Атырау патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаевтың мәліметінше, жыл басынан бері жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрімен, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерiнің түрін өзгертетін, жасыратын құрылғылар мен материалдармен жабдықталған көлiкті басқарған 24 жүргізуші анықталды. Барлығы жауапкершілікке тартылды.

«Жақында Геолог шағын ауданында Ресей Федерациясынан әкелінген «Toyota Camry» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде көліктің мемлекеттік нөмірі жалған екені анықталды», дейді патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сарсенбаев.

Көлікті басқарған 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлімімен (Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бергілері бар көлік құралын басқарған) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Жақында сот шешімімен бұл азамат бір жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. Сондай-ақ бұл баптың санкциясында 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу да көзделген.