«Биылғы оқу жылының басынан бері мектеп жасындағы 33 бала коронавирус инфекциясымен ауырды. Науқастардан тек 4 оқушы мектептердегі кезекші сыныптағы сабаққа қатысқан. Ал,29 бала онлайн оқыған. Тексеру кезінде 33 оқушының бәрі де өз отбасында ауырғаны анықталды» деді облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиев.
Қазір олардың бәрі емделіп, медициналық есептен шығарылды.