Парламент • 21 Желтоқсан, 2020

Сенат отандық сыраны жарнамалауға наразы

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат мәжіліс мақұлдаған отандық сыраны БАҚ-та жарнамалауға рұқсат ету туралы норманы қабылдамады. Құжат тиісті түзетулермен төменгі палатаға кері қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат отандық сыраны жарнамалауға наразы

Айта кетейік, Мәжіліс отандық сыра мен шарапты жарнамалауға салынған тыйымды алып тастауды көздейтін заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдаған еді.

Алайда бүгінгі отырыста парламенттің жоғарғы палатасы бұл норманы қолдаған жоқ.

«Заң жобасында еліміздің аумағында өндірілген сыраны жарнамалауға тыйым салуды алып тастау мәселесі де көзделген. Бұл норманы енгізу қосымша жарнама өнімдерін орналастыру мүмкіндігін кеңейту есебінен, жарнама, сондай-ақ теле-радио арналары мен баспа басылымдарын өндіру және орналастыру жөніндегі қызметтерді дамытуға ықпал етеді деген негіздеме берілген. Алайда осы мәселе біраз пікірталас туғызды. Саламатты өмір салты жөнінде үнемі айтып жүрміз. Осыған орай сенаторлар бұқаралық ақпарат құралдарында сыра тауары белгілерін жарнамалаудан бас тартуды ұсынып отыр», деді әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі, депутат Айгүл Қапбарова.

Сенаторлар бұл түзетулер қазақстандықтарды, соның ішінде балаларды шарап өнімдерінен қорғауға мүмкіндік береді деп санайды. Заң жобасы тиісті түзетулермен мәжіліске кері қайтарылды.