Тағайындау • 21 Желтоқсан, 2020

«Ақтөбе» хоккей клубының бас бапкері тағайындалды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақтөбе» хоккей клубының баспасөз қызметі Михаил Шанцевой команданың бас бапкері болып тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ақтөбе» хоккей клубының бас бапкері тағайындалды

Айта кетейік, М.Шанцевой отставкаға кеткен Алексей Коршковтың көмекшісі қызметін атқарған. Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына сәйкес, команданың бапкерлік штабындағы Александр Поляков пен Леонид Панков өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

Қазіргі таңда «Ақтөбе» командасы Қазақстан біріншілігінің турнир кестесінде 12-ші орында келеді.