Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020

Жеті облыстың тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеті облыстың тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеті облыстың тұрғындарына алыс сапардан бас тартуға кеңес берілді

«Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар автомобиль жолында автокөлік қозғалысына (қалың қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) шектеулер енгізілді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 20 градустан төмен болады деп болжанады.

ІІМ осы өңірлердің тұрғындарына автожолдар бойынша жол жүруден бас тартуды және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауды ұсынады», - делінген хабарламада.