«Оның ішінде 1 656 адамда – 210 жолаушы мен 1446 жүргізушіде ПТР-тесттен өткені туралы анықтама болған жоқ. Олардың бәрі карантиндік стационарға жатқызылды. Ал, 6 жүргізуші мен бір жолаушының ПТР-тест қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Науқастың бәрі емделуге жіберілді» дейді Амантай Жұмағалиев.
Ал шетелден Х.Доспанова халықаралық әуежайына келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.