Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2020

Карантин тәртібін бұзғандар 184 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz

Карантин тәртібін бұзғандар 184 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

21 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары полициядан карантинді бұзған адамдарға қатысты 2340 материал алды. 1185 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 230 891 244 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 184 081 225 теңгеге 957 әкімшілік айыппұл төленді.

Негізгі құқық бұзушыларға тамақтану орындары (мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары), дүкендер, ойын-сауық мекемелері (караоке, түнгі клубтар), компьютерлік және ойын клубтары, сауда орталығындағы батут орталықтары, басқа объектілер (кинотеатрлар, сұлулық салондары, сауналар, моншалар, массаж кабинеттері) жатады.

Еске сала кетейік, бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» демалыс бөлмесі, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.

«Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметті 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтініш жасайды», - деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.