21 Желтоқсан, 2020

Таразда екі қыздың қылмысы әшкереленді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараздағы екі бойжеткен сауда-ойын-сауық орталығынан күртеше ұрлап кеткен, деп хабарлады Polisia.kz.

Таразда екі қыздың қылмысы әшкереленді

Полицияның хабарлауынша, 19 желтоқсанда полиция бөліміне Төле би көшесінде орналасқан "Март" сауда-ойын-сауық орталығынан белгісіз қыздардың құны 39 250 теңге тұратын әйелдер күртешесін  ұрлап кеткені туралы арыз келіп түсті.

Тараз қаласының ПБ-1 криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері осы бутиктің бейнебақылау камерасына түсірілген қыздарды "ізін суытпай" ұстады.

Олар 22 және 23 жастағы бұрын сотталған қала тұрғындары болып шықты.

Қыздар кінәсін толық мойындады. Ұрланған киім дүкеннің иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50