Елорда • 22 Желтоқсан, 2020

Бүгін елордада шырша жағу салтанаты өтеді

700 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін елордада шырша жағу салтанаты өтеді

Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Хабар телеарнасы "Ғажайып шырша" қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20:00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жарықтандыруға арналған дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Он минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар.

Сондай-ақ 22 желтоқсанда "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

 
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33

Яндекс.Метрика