24 Желтоқсан, 2020

Павлодар облысында төрт балабақша карантинге жабылды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында балалар мен балабақша қызметкерлері коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты төрт балабақша карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында төрт балабақша карантинге жабылды

Бұл туралы ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Қазір өңірде балабақшаға баратын 77 бала, балалар ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында 54 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Осылайша, Павлодарда 22 желтоқсаннан бастап №23 балабақша жабылды. Бұл жерде бір тәрбиеші мен екі бала инфекция жұқтырған. Екібастұзда №20 балабақша жабылды, Ақсу қаласында "Балапан" бөбекжайы мен №2 бөбекжай карантинге жабылды. Әр мекемеде екі баладан инфекция жұқтырды.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, қазір балалар медициналық бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар