24 Желтоқсан, 2020

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі қалпында тұр – Бекшин

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі қалпында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі қалпында тұр – Бекшин

«Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға келетін болсақ, бүгінгі күнде күрделі күйінде қалып отыр. Қыркүйек айында КВИ барынша төмендегеннен кейін, қазан айында 366 жағдай, қарашадада 1 399 жағдай және желтоқсан айында бүгінгі күнге дейін 1635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқындауда», деді Бекшин.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 17 790 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, бірінші тамыздан бастап 1 349 пневмонияға шалдықты.

Бекшиннің айтуынша, коронавирус бойынша Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайының өрбуі алдын ала болжамдаған мөлшерге сәйкес келіп отыр: желтоқсан айында 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада – 560 жағдай болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1 900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2 200 жағдайға жетуі мүмкін.

Соған байланысты қаланың бас санитарының жаңа қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес, сауда орталықтары Жаңа жылға дейін және демалыс күндері түнгі сағат 23:00-ге дейін істейді. Ал азық-түлік және басқа тауар сататын базарлар кешкі 17:00-де жабылады. Барлық жерде санитарлық режим қатаң сақталуы шарт.

Мейрамханалар мен дәмханалар түнгі сағат 22:00-ге дейін ашық болады. Ал сауда орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары 23:00-де жабылады.

 

Соңғы жаңалықтар