Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2020

Қолжетімді вакцинаны салдырамын – Алматының бас санитар дәрігері

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин инфекциядан кейін ағзасында антидене табылмаса, Қазақстанда тіркелген вакцинаны салдыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қолжетімді вакцинаны салдырамын – Алматының бас санитар дәрігері

Айтуынша, ол вакцина салдырудан бір апта бұрын антиденелердің бар-жоғын анықтайды.

«Егер антидене сақталса, вакцина салдырудың қажеті жоқ. Егер жоқ болса, қолжетімді вакцинаны салдырамын. Бұл не ресейлік, не отандық болады»,  деді Бекшин.

Айтуынша, қазір Тараз бен Алматыда отандық вакцинаның клиникалық сынағының үшінші кезеңі жүріп жатыр.

«3 мың еріктіге вакцина егіледі, содан кейін сол вакцинаны егеміз бе, жоқ па, нақты шешіледі. Ал қазірге дейін вакцинаның қауіпсіздігін тексеру сынағының кезеңдері сәтті өтті. Алдын ала ақпарат бойынша біздің вакцина 96% тиімділікті көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш»,  деді Бекшин.

Айта кетейікғ Қарағандыда ресейлік вакцина шығаратын зауыт ашылғанын атап өтті. Одан кейін оны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуі қажет. Сол кезде ғана ел ішінде вакцина салдыру басталады.

Шілденің басында Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясын жұқтырған еді. Сол сәтте де қаланың бас санитар дәрігері қашықтан жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар