Руханият • 28 Желтоқсан, 2020

Жүз жасында Абайды жатқа оқиды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың өлеңдері жүз жасқа таяп қалған кейуананың өзіне рухани азық, күш-қуат береді. «Абай атамыздың ойлы сөздері, өнегелі жырлары оқыған сайын жанды жадырата түседі», дейді Балқаш қаласында тұратын 96 жастағы Рахила Ержанова. Бір қызығы, жүзге қадам басқан қария хакімнің өлеңдерін кез келген жерінен үзіп алып, жатқа оқи береді екен.

Жүз жасында Абайды жатқа оқиды

Рахила Ержанова әжей 1924 жы­лы Балқаш көлінің жағасындағы балық­шы­лар ауылы Тасаралда дү­ние­ге келген. Аумалы-төк­пелі заманда бес-ақ сы­нып­тық білім алыпты. Тұрмыс құрғаннан кейін кү­йеуімен бірге балық аулау шаруашылығында еңбек ет­кен. Екі баланы дүниеге әкеліп, оларға өнегелі тәр­бие береді. Жұмысының ты­ғыздығына, оқуының аз­дығына қарамастан бар күшін балаларының білім алуы­на жұмсап, олардың бойындағы әдебиетке деген сүйіспеншілікті оята білген.

Кейуананың қызы Баян Аяшбекова анасының Абай шығармаларына ерекше құнт қоятынын мақтанышпен айтады.

– Ол заманда оқи алатын әйелдер аз болған ғой. Көбі тек қана үй шаруа­шылығымен айналысты. Бірақ менің анам жұрттан жасырса да, өз бетімен оқуға тырысып, білімін жетілдіріп отыр­­ған. Қазақ ақындарының шығар­маларын, әсіресе Абайды сүйіп оқиды, – дейді ол.

Бүгінгі күнде Рахила әжей­­­дің 9 немересі мен 16 шө­бересі бар. Олардың бар­лы­ғы да өнерлі, көбі өлең­ге құ­мар, ән салғанды ұна­тады. Ал кейуананың өзі көз жа­на­рының көмескі тарт­қанына қарамастан, Абайдың кітабын қолынан тастамай, үзбей оқып отырады.

 

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы