Теннис • 28 Желтоқсан, 2020

Жеті отандасымыз бақ сынайды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен келесі жылдың ең алғашқы «Үлкен Дулыға» турнирі ақпанның 8-21 аралығында өтеді. Қазақстанның алты өкілі Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды.

Жеті отандасымыз бақ сынайды

Қыздар арасындағы бәсекеде Елена Рыба­кина, Юлия Путинцева, Зарина Диас және Ярослава Шведова ел намысын қорғайтын болса, ерлер сайысында Алек­сандр Бублик пен Михаил Кукушкин өнер көрсетеді. Сонымен қатар жұптық сайыста Александр Бублик Андрей Голубевпен бірге бақ сынайды.

Сондай-ақ Дмитрий Попко жарысты іріктеу кезеңінен бастайды. Пандемияға байланыс­ты ерлердің іріктеу жарысы До­хада өтеді. Сонымен қатар биыл Аустра­лияның ашық чемпионаты ерекше фор­матта ұйымдастырылмақ. Ереже бойынша, спортшы­лар Жасыл құрлыққа жарыстан екі апта бұ­рын келіп, 14 күндік карантиннен өтуі тиіс.