Мәжіліс депутаттығына кандидат Есжан Оразалин, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Владимир Бубенко және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Анатолий Казановский қала тұрғындарына партияның соңғы 5 жылдағы жұмысының қорытындылары туралы айтып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Есжан Оразалин отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешені қолданылатынын атап өтті.
«Біздің облыста шамамен 137,4 мың отбасы тұрады, оның ішінде көп балалы 3 243 отбасы. Nur Otanniń мақсаты – 2025 жылға қарай облыс бойынша бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 25,5 шаршы метр деңгейіне дейін жеткізу. Бұл үшін біз өңірде 89 көп пәтерлі тұрғын үй салу міндетін қойып отырмыз», деді Мәжіліс депутаттығына кандидат Есжан Оразалин.
«7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша облыс тұрғындарын кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ынталандыру бойынша жұмыс жалғасады. Нәтижесінде, 16,7 мың солтүстікқазақстандық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсартылады.
Өз кезегінде, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Владимир Бубенко қала тұрғындарына денсаулық сақтаудың жаңа нысаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Петропавлда 510 төсектік қазіргі заманғы жабдықтармен көп салалы аурухана салынады. Онда жұмыс істейтін дәрігерлер қажетті курстардан өтіп жатыр. Енді Нұр-Сұлтан, Алматы, Түмен, Новосібір, Омбы қалаларына барудың қажеті жоқ. Солтүстікқазақстандықтар осында білікті медициналық көмек алып, денсаулық мәселелерін шеше алады», деп атап өтті Владимир Бубенко.