Қазақстан аумағында болған қатты желден кейбір қалалардағы үйлер мен ғимараттар шатырсыз қалды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Осы аптаның бейсенбісінде Астана қаласы мен оның іргесіндегі елді мекен төңірегін қарлы боран басып салды. Алдын ала дайындалған техникалар жолдарды аршып, көліктің жүруіне мүмкіндік жасады. Ал Қарағанды облысында болған қатты желдің екпінінен бірнеше ғимараттарды шатыры жерге құлап түскен. Желдің жылдамдығы Үшарал қаласында секундына 18-20 метрге дейін жетті. Соның салдарынан осы аймақта орналасқан әскери бөлім мен офицерлер үйі, офицерлер қонақ үйінің шатыры құлаған. Осындай көрініс Павлодар облысында да тіркеліп, ондағы прокуратура ғимаратының шатыры да жерге түсіпті. Әзірге бізге келіп түскен дерек көздерінде осындай мәлімет жазылған. Қалған қалалар жөнінде ақпар келіп түссе, қосымша хабарлайтын боламыз.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Nur.kz