Халықаралық іздеу жарияланған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке лаңкестікті қолдады деген күдік келтірілді. Бұл туралы Meta.kz хабарлады.
Ол исламдағы дәстүрлі емес ағым өкілдеріне мешіт салуға заңсыз түрде жер телімін бөліп берген көрінеді.Өңірде лаңкестік әрекет жасады деп қамауға алынғандардың бірқатары осы мешітке барған. Бүгінде мәлім болғанындай, онда лаңкестік насихатталып, лаңкестік әрекеттерді қаржыландыру үшін ақша жиналған екен.
Еске сала кетейік, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің 22 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген айып қорытындысымен прокуратура органдарына әрі қарай сотқа жолдануы үшін берілген.
Бергей Рысқалиев оның ағасы Аманжан Рысқали мен 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланды. Олардың әрекеттерінен мемлекетке 71 млрд. теңге шығын келген. Соның әзірге 23,4 млрд. теңгесі қайтарылыпты.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Meta.kz