08 Желтоқсан, 2013

Киевтегі ереуілдің екпіні басылып келеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-12-13-kiev-hronika-1

Украинаның Тергеу органдары Киевте 1 желтоқсанда ереуілге шыққандардың заң алдындағы айыптарын айғақтайтын дәлелдер кқп екенін мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бүгін, 8 желтоқсан күні Киевтегі ереуілшілердің белсенділігі біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалып отыр. БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Джеффри Фелтман украин саяси партиялары лидерлеріне тездетіп билікпен диалог жасап, елдің алдында тұрған саяси және экономикалық проблемаларды шешіп алуға шақырды. Алайда, оппозиция өзінің басты талабы – үкімет отставкаға кетпейінше, 30 қараша күні студенттерді күштеп қуып салушылар мен Тәуелсіздік майданында (майдан Незалежности) бейбіт акцияға қатысқандары үшін қамауға алынғандар босатылмайынша, билеуші партиямен мұндай келіссөз жүргізуге дайын емес. .

Украинаның тергеу органдары лаңкестердің 1 желтоқсан күні Банк көшесіндегі ел президенті әкімшілігі ғимараты жанында аранулы жасақтың шебін жарып өтуге әрекет жасау кезінде грейдерді пайдаланғандарына куәлардың және инциденттің бейнежазбасы бар екенін мәлімдеп отыр.

Мұрат Айтқожа.

Дереккөз: ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19