Экологиялық туризм биоалуантүрлілік пен экожүйені сақтаудың пәрменді және тиімді құралдарының бірі ғана емес, сондай-ақ жергілікті халықтың тұрмысын түзеуге ықпал ететін тетік. Осыған орай, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) екі ауқымды істі – Биоалуантүрлілікті Қаржыландырудың Жаһандық Бастамасы (БИОҚЖБ) мен Орман экожүйелерін сақтау жобаларын жүргізіп отырғаны аян.
Еліміздегі экологиялық туризмді дамытуда БҰҰДБ жобалары не атқарды, туризмнің бұл түрін жолға қоюдың түйткілдері қандай, деген сауалдарға жыл соңында, БҰҰДБ биоалуантүрлілікті сақтау жобаларының менеджері Талғат КЕРТЕШЕВ жауап береді.

– Талғат Сейітұлы, Қазақстанда тиімді қолдануға болатын халықаралық экотуризмнің қандай үлгісі зерделенді?
– Биоалуантүрлілікті Қаржыландырудың Жаһандық Бастамасы жобасының сарапшылары экотуризмді дамыту мен сертификаттау жүйесін енгізуде Австралия, Ботсвана, Қытай, Сейшел аралдары, Еуропа мен Скандинавия сияқты бірқатар елдердің тәжірибесін зерделеді. Барлық елдердің экотуризмді дамытудағы жүріп келе жатқан жолдары ұқсас. Біздің сарапшылар ең жақсы жолдарды талдап, бірқатар ұсыныстар жасады. Олардың ішінде: заңнамадағы негізгі нормаларды анықтау, елде экотуризмді дамытудың стратегиялық құжаттарын әзірлеу. Экотуризмді ілгерілету үшін мекемеаралық қарым-қатынастарды жолға қою, мемлекеттік ұлттық парктер аумағында бақыланбайтын жаппай туризмді реттеу мен тағы басқасы.
Сертификаттау жүйесін енгізудің әртүрлі мысалдары бар. Мәселен, Ботсвана мен Жаңа Оңтүстік Уэльсте (Австралия) бірыңғай ұлттық сертификаттау жүйелері, ал Еуропа мен Скандинавия елдерінде – тәуелсіз ҮЕҰ-ға негізделген халықаралық жүйелер қолданылады. Егжей-тегжейлі зерттеу үшін Travel Life, Green Key, Green Globe, Earth Check, Nordic Eco Label сияқты жүйелердің халықаралық мойындалған мысалдары пайдаланылды. Бұл жүйелер туризмді ұйымдастыруда бизнеске қойылатын қатаң өлшемдерге негізделеді және келесідей міндетті бөлімдерді қамтиды: тұрақты басқару, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлерді оқыту, қонақтарды хабардар ету, жергілікті халықты тарту.
Parks Eco Pass лицензиялау жүйесін ұйымдастырған Австралияның өте қызықты және тиімді мысалын атап өткім келеді. Жаңа Оңтүстік Уэльстің ұлттық парктері Австралияның ең көп туристер баратын штаты. Мәселен, 2019 жылы оған 4,4 миллион адам келіп, 11,5 миллиард австралиялық доллар жұмсады. Іскерлер Parks Eco Pass-та бизнесті жүргізу үшін міндетті түрде Үкіметттен рұқсат алу керек.
Parks Eco Pass лицензиялау ұлттық парктердегі іс-шаралардың сапасын қамтамасыз ете отырып, бизнестің белгілі бір өлшемдерге сәйкес келуі арқылы табиғи аумақтарға зиян келтіруге жол бермейді:
– БҰҰДБ-ның өз сарапшылары қандай заңнамалық бастамалар ұсынады?
– Қазақстан жағдайында экологиялық туризмнің қоршаған ортаны қорғаудың маңызды құралына айналуына барлық алғышарттар бар. Ол үшін сарапшылар барлық туристік саланы дамытудың негізгі тармақтарынан тұратын экологиялық туризмді дамыту жөніндегі заңнамалық шараларды әзірледі. Экологиялық туризм аңшылық туризм немесе автотуризм сияқты туризмнің қарапайым түрі емес екенін есте ұстаған жөн. Егер туризмді тамақтанумен шартты түрде салыстыратын болсақ, онда экологиялық туризм жеке «тағам» немесе жеке «асүй» болып табылмайды. Мысалы, «дұрыс тамақтану» сияқты тұтас бағытты білдіреді. Дәл осы жерде жоба сарапшылары бірқатар қиындықтарға тап болды.
Қазақстандық заң шығару практикасында қалыптасқан классикалық тәсілдер кез келген құқықтық қатынастарды нақты сәйкестендіруді және осындай құқықтық қатынастарды реттеудің нақты тетігін айқындауды талап етеді. Мысалы, жол қозғалысы ережелерінде жаяу жүргіншінің кім екендігі, көлік құралы деген не және жолда бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы нақты анықтама бар. Жасыл жарық қозғалуға рұқсат береді, қызыл – тыйым салад
Аталған экологиялық туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесінің және заң шығарудың қазақстандық ерекшеліктерін ескере отырып, жоба сарапшылары жаңа Экологиялық Кодекстің жобасына түзетулер ұсынды. Жаңа Экологиялық Кодексті ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) туристік қызметті жүзеге асырудың экологиялық негіздерін айқындайтын нормамен толықтыру ұсынылды. Осылайша, туроператорлар мен турагенттердің ЕҚТА бойынша турларды (мысалы, Бурабай, Іле-Алатау, Катон-Қарағай және т.б. мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне турлар) ұйымдастыру кезіндегі басты қағидаттары анықталды.
– Бір қарағанда, туризмнің қандай түрі болса да, адамға да айналаңа да ауаға да кесіріңді тигізбегенде ғана табысты, тиімді болатынын бәрі де де біледі. Бірақ, жеме-жемге келгенде жабайы туристер барлық елде бар.
– Сондықтан да белгілі бір аумаққа бір мезгілде келетін туристердің жоспарланған санының осындай аумаққа қатысты жол берілетін рекреациялық жүктемелерге сәйкес келуі қадағаланады. Қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермеу, зияны барынша аз көлік құралдарын таңдау, қатты тұрмыстық қалдықтарды барынша азайту және оларды жинау үшін белгіленген орындарда орналастыруды не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан өз бетінше әкетуді қамтамасыз ету белгіленген.
Алдымен туристерге баратын орындары мен мінез-құлық қағидалары туралы нұсқама беріледі.
Әрбір қағидаттың артында мәселелер мен міндеттердің үлкен қабаты жатыр, оларды шешу үшін туризм және экология саласындағы уәкілетті органдар, әкімдіктер тиісті егжей-тегжейлі іс-шаралар мәзірін әзірлеп, бұйрықтары мен нұсқаулықтарына өзгерістер енгізуге тиіс. Әрбір турист бала кезінен бұл қағидаттар бұлжымас тәртіп екендігін түйсінуі керек. Сондықтан бұл ережелер мектеп бағдарламасында көрініс табуы керек.
– Экологиялық туризмді дамытудың тағы қандай жанама түйткілдері бар?
– Сарапшылар ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауына Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірледі және енгізді. Бұдан басқа, туристердің ұлттық парктердегі барлық объектілерге кедергісіз кіруін қамтамасыз ету (сервитуттарды белгілеу), экологиялық туризм саласындағы ұлттық стандарттарды міндетті түрде сақтау, туристік маршруттар мен соқпақтарда рекреациялық сыйымдылықтарды анықтап, онымен жүретін адам санын реттеу, туристік маршруттарды көрсеткіш белгілермен, бақылау алаңдары мен аялдаған кезде дем алатын орындармен жабдықтау, жер учаскелерін туристік мақсатта ұзақ мерзімді пайдалануға беруді 10 жылға дейін шектеу ұсынылды. Ұсынылған түзетулерді уақтылы қабылдау жыл сайын жүздеген мың отандастарымыз бен шетелдік туристер келетін ұлттық парктерден туризмді жүзеге асырудың дұрыс тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дегенмен, біз ұлттық парктердің аумақтарын әр түрлі тұрақты инфрақұрылымдарды салу арқылы жаппай туризм алаңына айналдыру саясатына жол бермеуіміз керек. Себебі, ұлттық парктердің басты мақсаты құнды биологиялық түрлер мен бағалы табиғат кешендерін сақтап, оларды ата-бабамыздан алған күйінде болашақ ұрпақтарға жеткізу болып табылады. Табиғатта жаппай туризм мен рекреациялық дем алуды дамыту үшін Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жер санатынан тысқары жатқан Рекреациялық маңызды және демалу жер санатында жоспарланып, осы жерлерде туризм мемлекеттік бағдарлама шеңберінде іске асырылуы тиіс.
Сондай-ақ, сарапшылар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» салалық заңға осындай түзетулер енгізуді ұсынды. Парламент Мәжілісі депутаттарының туризм саласындағы мемлекеттік саясатты «экологиялық рельстерге» бағдарлау жөніндегі ұсыныстарды қолдауы биыл атақты Көбейтұздағы «қызғылт көлде» орын алған осындай жағымсыз фактілердің алдын алуға мүмкіндік береді.
– Экотуризм саласындағы сертификаттау жүйесін қалай дамыту қажет?
– Құқықтық негіз құру экотуризмнің дұрыс дамуының маңызды аспектісі, бірақ оны ұйымдастыруда іске асыру және мониторингілеу процесін ескерген жөн. Ол үшін БИОҚЖБ жобасы шеңберінде экотуризм саласында сертификаттау жүйесін енгізуде халықаралық тәжірибе егжей-тегжейлі зерделенді және нақты өлшемшарттары бар басшылық әзірленді.
Бүгінгі таңда Тұрақты туризмнің жаһандық кеңесі (GSTC) әлемдегі жетекші сертификаттау институттарының бірі болып табылады, ол дестинациялар, қонақ үйлер, туроператорлар және туризмнің басқа субъектілері үшін бірқатар критерийлерді әзірледі. GSTC сертификаттау жүйелері үшін сапа белгісі деп айтуға болады: барлық негізгі және жетекші жергілікті және халықаралық сертификаттау жүйелерін GSTC мақұлдады және бұл халықаралық немесе жергілікті сертификаттау жүйесінің белгілі бір стандартқа сәйкестігін қамтамасыз етеді.
– Көбінесе сертификаттау жүйелерін ресми ұлттық туристік ұйым басқарады ғой?
– Егер олай болмаса, онда ҮЕҰ, мысалы, Қонақ үйлер қауымдастығы, осындай таңбалау жүйесінің иесі бола алады. Сертификаттау жүйелерінің кейбіреуі ғана жеке меншікте. Қай жолдың ең жақсы екенін бағалау қиын, өйткені оны қонақүйлердің сапасын бағалаудың рейтингтік жүйесі сияқты сертификаттау жүйелерін әзірлеудің ұлттық дәстүрі аясында қарастырған жөн.
Мүдделі тараптардың сеніміне ие болу үшін олардың барлық қатысушылары даму кезеңі мен жүйені енгізу кезінде жұмысқа тартылуы өте маңызды – мүдделі тараптар жүйеге жауапкершілікті сезінуі керек.
Туристік бизнес барлық өлшемдерге сәйкес келетініне көз жеткізу үшін компаниялардың мәлімдемелері тексерілуі керек. Демек бақылау механизмі іске асырылуы керек. Мұны үш түрлі жолмен жасауға болады:
Бірінші нұсқа: туристік бизнес ұлттық үкіметтің ұсынымдарына негізделуі мүмкін өз жүйесін әзірлейді. Бизнес толық бақылауға ие және жүйенің дұрыстығын ешкім тексермейді.
Екінші нұсқа: сертификаттау жүйесін жасаушылар бизнестің өлшемдерге сәйкестігін тексереді. Мұны компанияларға сұрақтар тізімін жіберу арқылы, содан кейін телефон арқылы сұхбаттасу арқылы жасауға болады және көшпелі инспекцияны қосуға болады (екінші деңгейлі сертификаттау деп аталады).
Үшінші нұсқа: компания немесе сертификаттау жүйесін жасаушымен немесе кәсіпорынмен байланысы жоқ адам көшпелі тексеру жүргізген кезде тәуелсіз тексеру жүргізіледі (үшінші деңгейлі сертификаттау деп аталады).
Барлық жетекші халықаралық жүйелер үшінші деңгейлі сертификаттауды қолданады. Өйткені, бұл экотуризмдегі сертификаттау жүйелерінің ең жақсы және тұрақты мысалдарының бірі.
Айта кету керек, халықаралық тәжірибеге сәйкес сертификаттау жүйелері көбінесе ерікті болып табылады, алайда елдердің Үкіметтері тарапынан оларды бизнестің қолдануы үшін белгілі бір ынталандырулар қолданылады.
БИОҚЖБ жобасы аясында 2021 жылы экотуризм саласындағы сертификаттау жүйесімен жұмысы жалғасады. Ал «Қазақтуризм ҰК» АҚ туристік компаниялар, қонақ үйлер, соқпақтар үшін сертификаттау жүйесін әзірлейді
АЛМАТЫ
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Ұқсас жаңалықтар