08 Желтоқсан, 2013

Астанада Тәуелсіздік тойына арналған айтыс өтті

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

08-12-13-baibekov-1

Бүгін, 8 желтоқсан күні Астанададағы Конгресс-холл сарайында Тәуелсіздік күні құрметіне дәстүрлі «Жырың болып төгілемін, елім» атты республикалық айтыс болып өтті. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.

Жыл сайынғы дәстүрлі айтыс Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» халық-демократиялық партиясының қолдауымен өткізілді. Айтыстың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбеков: «Партия доктринасында ұлттық құндылықтарға басымдылық берілген, біз айтысты да әрдайым қолдап отырамыз», - деді.

Бұл жолғы жыр сайысына еліміздегі қазіргі таңдағы ең таңдаулы 10 ақын қатысты. Ол  екі кезеңнен тұрды. Екінші кезеңге 4 ақын шықты. Олардың сөз қағысулары «Құлмамбет айтыс» деп аталды. Оның ережесіне сай осы төрттік бір-бірімен қатар отырып айтысты. Нәтижесінде бас бәйге Жандарбек Бұлғақовқа берілді. Оның жүлдесі – көшпелі «Алтын домбыра» мен 3 млн. теңге ақша. Оларды ақынға Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы Төлеуғали Қышқашбаев тапсырды. Бірінші орын Дидар Қамиевке бұйырды. Оған 2 млн. теңге сыйақы табыс етілді. Жүлде көлемі 1 млн. теңге болатын екінші орынға Нұрмат Мансұров көтерілдіі. Үшінші орынға табан тіреген Балғынбек Имашевқа 750 мың теңгелік жүлдеге қол жеткізді.

Сыйақылардан айтысқа қатысқан басқа ақындар да құр қалған жоқ. Осы алтылықтағы әрбір айтыскер 500 мың теңгеден қошемет қаржысына қол жеткізді. Бұл кеште «Қазақ айтысы» қоғамы жақында ғана қайтыс болған арқалы ақын Есенқұл Жақыпбековтің атымен белгілеген 100 мың теңгелік арнайы жүлде Мұхтар Ниязовқа ұсынылды. 

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: egemen.kz..

09-12-13-aitys-1

09-12-13-aitys-6

 

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19