09 Желтоқсан, 2013

Денсаулық саласының былығы әшкере болды

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

09 12-meduМемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар олқылықтарға жол берді. Аталған келеңсіздікті республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті анықтаған. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

Тексеру кезінде жергілікті өңірлердегі денсаулық сақтау саласының 5 бағыт бойынша жұмысты жүйелі жүргізбегені мәлім болды. Соның бірі – «Саламатты Қазақстан» бағдарламасынан шикілік шықты. 2012-2016 жылдарға арналған қатерлі ісікке шалдыққандарды оңалту ісі де ойдағыдай атқарылмаған. Жалпы айтқанда, бюджет пен басқа да міндетті істердің тиісті дәрежеде орындалмауынан 74 млрд. теңгенің заң бұзушылығы анықталған екен. Ал жыл өткен сайын осы саланың бюджетін оңтайландыру мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Жұмысты бірыңғайлауға арналған және сырқаттарды емдеу жөніндегі құжаттар негізгі талаптарға сәйкес келмейді. Тіпті бір жылдары жазылған құжат мәтініндегі сөздер әлі күнге дейін қайталанып жазылуда.

Заң жүзінде белгілі бір сырқат түрлеріне тегін медициналық көмек көрсетілетіні белгілі.Бірақ, осыған байланысты 179 кемшілік анықталыпты. Денсаулық саласына арналған нысандарды мақсатсыз салу фактісі де орын алған. Соның салдарынан республикамыздағы 9 облыста құны 830 млн. теңгенің құрал-жабдықтары кәдеге жаратылмай тұр. Құрылысты салуға жоспарланған құжаттардан да шикілік анықталды.

Республикамыздағы медицина саласына кадрлар даярлайтын 6-ға жуық оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқытушылық құрамы талапқа сәйкес келмейді. Сонымен бірге, жергілікті жердегі медицина нысандары қызметкерлермен жеткілікті қамтылмаған. Есеп комитеті осы жұмыстардың дұрыс жүйеленбегенін Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бақылаудың болмауымен байланыстырды. Осы тексеруден кейін ғана 53 адам әкімшілік және 36 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Kapital.kz

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19