09 Желтоқсан, 2013

Әлем көшбасшылары Манделамен қоштасу рәсіміне қатысады

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 12 - MandelaБҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Франциядағы сапарын аяқтай салып, Нельсон Манделамен қоштасу кешіне қатысу үшін Оңтүстік Африка Республикасына аттанады. Бұл туралы халықаралық ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Бас хатшы 10 желтоқсанда ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне қатысады», – деп жазылды БҰҰ баспасөз қызметінің ақпарында.

6 желтоқсанда қайтыс болған оңтүстікафрикалық көшбасшымен қоштасу рәсімі сейсенбі күні Йоханнесбургтегі стадиондарың бірінде өтеді. Ал 15 желтоқсанда ол өзінің туған Куну қаласында жерленеді деп күтілуде.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2009 жылдан бері 18 шілдені «Нельсон Манделаның халықаралық күні» деп бекітті. Сондай-ақ Нельсон Манделаның құрметіне Нью-Йорктағы 102 қабаттық «Empire State Building» ғимараты сенбі күні ОАР туының түстерімен боялды.

АҚШ президенті Барак Обама Нельсон Манделаның өмірден өткенін естігенде, оның құрметіне ақ үйдің, өзге де федералды мекемелердің, елдегі және шетелдегі әскери базалар мен елшіліктердің туларын түсіуге тапсырма берді. Барак Обамамен қатар, тағы көптеген мемлекет басшылары Нельсон Манделамен қоштасу рәсіміне қатысуға ниет білдіріп отыр.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19