09 Желтоқсан, 2013

Қазақстанның кей аймағында боран соғып, көктайғақ болады

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 12-metelБүгін, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей аймақтарда қар жауады, жел күшейіп бұрқасынға айналады. Сонымен бірге,көктайғақ болып, тұман түседі. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Республиканың солтүстігі, оңтүстік шығыс және шығысында қар жаумайды.Ал Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы Жалаңашкөл маңында секундына 15-20 метрге дейін, күндіз тіпті 25 м/с-ге дейін ұйытқып соғады. Қостанай облысының кей аудандарында жаяу борасын соғады, жер тайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Атырау облысында тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының жекелеген бөлігіне тұман түсуі ықтимал, жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал. Күндіз желдің қарқыны 15-20 м/с-ге жетеді. Ақтөбе облысында жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді, боран соғады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында жел күшейіп 5-20 м/с-ге жетеді, түнде тұман түседі. Ақмола облысының аймағына түнде және таңертең және Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысында жел күшейіп 15-20 м/с-ге жетеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Today.kz

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19