Экономика • 30 Желтоқсан, 2020

«Úki» коллекциялық монетасы халықаралық байқауда жүлделі болды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Монета шоқжұлжызы-2020» ХІV байқауының қорытындысы шықты. Интернет арқылы жиналған дауыстардың нәтижесінде «Көрермен көзайымы жүлдесі» номинациясында Қазақстанның  «Úki» күміс монетасы жеңіске жетті. Әртүрлі елдердің тұрғындары арнайы порталға кіріп, 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында дауыс берген болатын.

«Úki» коллекциялық монетасы халықаралық байқауда жүлделі болды

Биылғы байқауға 17 елден 26 қатысушы өз монеталарын ұсынған. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Латвия, Қырғыз Республикасы, Польша, Венгрия сияқты басқа да елдердің орталық банктері бар. Бұдан өзге Лихтенштейн, Австралия, Италия, Нидерланд, Франция, Литва, Бельгияның монета сарайлары, сондай-ақ Numiartis (Германия), Power Coin (Италия) және Allcollect GmbH (Германия) сияқты монета дистрибьютерлері жұмыстарын ұсынды. 

«Монета шоқжұлдызы» дегеніміз Ресей аумағында өтетін және естелік монеталарға арналған жалғыз халықаралық байқау. Оған әлемнің ұлттық банктері, монета сарайлары мен монета дистрибьютерлері қатысып, монеталарын ұсына алады.