Үкімет • 01 Қаңтар, 2021

Атқарылған жұмыс ауқымды

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2020 жыл­дағы жұмысы әртүрлі бағыттарда жүргізілді. Олар: ақ­парат, дін, этносаралық қатынастар, үкіметтік емес сек­тор­мен өзара іс-қимыл, мемлекеттік жастар саясаты мәсе­лелерін қамтыды.

Атқарылған жұмыс ауқымды

Сонымен, мемлекеттік тапсырысты құруда бірыңғай әдісті респуб­ликалық және жергілікті деңгейде қолдану жүзеге асырылды, контентті өн­дірушіге телеөнімді үш жылға орналастыру бойынша айрықша құ­қық­тар берілді, талдамалық және мультимедиялық контенттің үлесі артты.

Astana Media Week медиа апталығының аясында екі мыңға жуық адам­ның қатысуымен 15 семинар-тренинг, 500 аймақтық журналисттерге арналған 5 тренинг өтті. Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен салалық журналистиканы дамыту бойынша үш меморандумға қол қойылып, Ұлыбритания, Германия және Ресей елдерінің оқыту компанияларымен өзара қатынас орнатылды.

2020 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірнеше жаңа жобаларды іске қосты:

Stopfake.kz сайты: фейктердің жалған ақпарат екендігін және өткір тақырыптарға түсініктеме беретін 250 жарияланым орналастырылды; сайтқа кірушілер – 66 мың; парақшалар қаралымы – 100 мың; сайлауға байланысты фейктерді жоққа шығаратын sailau.stopfake.kz жеке тарауы жұмыс істейтін болады.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы: бағ­дар­лама­лардың паспорттары жүктелді; индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы инфографикамен толықтырылуда; сарапшылардың ком­мен­тарийлері бар «Сұрақтар мен жауаптар» бағаны.

Мемлекеттік БАҚ-тың біріңғай порталы: мақсаты – Президенттің, Үкіметтің тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу шараларын тарату мен ілгерілету; портал редакциясына күнделікті 15-тен 45-ке дейін жаңалық текстері келіп түсуде; 3 мыңнан астам материал орналастырылған. Сондай-ақ Massaget.kz пен Tengrinews.kz порталдарында Абайдың 150 жылдығына орай жоба, карантин кезінде ата-аналар мен мұғалімдер үшін оқыту видеолары бар «Онлайн мектеп», «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының сегіз көрсетілімі өтті, «Батырлар біздің ортамызда» жобалары құрылды.

Азаматтық қоғам саласында «ҮЕҰ академиясы» ауқымды жобасы жүзеге асырылуда, Қазақстанның IX Азаматтық форумы онлайн режімінде өткізілді. 2700 материал сараптамадан өтіп, деструктивті сипаттағы 1295 материалдың таралуына тыйым салынып, 70 мыңнан астам адам деструктивті сайттар мен әлеуметтік қоғамдастықтардан алыстатылды. Діни идеологиядан зардап шеккен адамдарды оңалту үшін «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операциялары аясында террористік іс-қимылдар орын алған аймақтардан оралған 632 азаматпен жұмыс жүргізілуде. «Жусан» операциясы аясында оралған 163 әйелдің 133-і радикалды көзқарасынан бас тартып, деструктивті тенденцияны қолдайтын 2433 адам дәстүрлі діннің ағымына оралды.

Этносаралық қатынастар мәселелері бойынша талдамалық жұмыс жүйесі құрылып, әр аймақтағы этноәлеуметтік шиеленістің карталары жасалып, іске асырылды.

Abai Uii қазақтың мәдени және іскерлік үйлері 5 елде (Украина, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Германия), 12 шет елде қазақ тілін үйренуге арналған 31 онлайн-сынып ашылды. Министрлік 2030 жылға дейінгі отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жастар арасында жұмыспен қамту, білім беру және тұрғын үй мәселесі бойынша 400 мыңнан астам жасқа арналған онлайн кеңестер беріліп, Zeren рес­публикалық жастар білім беру жобасы іске асырылды.

 

Соңғы жаңалықтар