10 Желтоқсан, 2013

Astana Arlans тағы да жеңіске жетті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы маусымдағы үшінші турында Astana Arlans ұжымы Мексиканың Mexico Guerreros командасын қабылдап, 4:1 етіп ұтты.

Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы маусымдағы үшінші турында Astana Arlans ұжымы Мексиканың Mexico Guerreros командасын қабылдап, 4:1 етіп ұтты.

Кездесу 6 желтоқсан күні өтті. Оны 49 килоға дейінгі боксшылар ашты. Шайқасты өте қарқынды өткізген Мардан Берікбаев мексикалық Хосе Альберто Залета Рейесті еркін жеңді. Бұдан кейін 56 килодағы Мейірболат Тойытов визавиі Серхио Чириньо Санчестен басымдығын танытты. Ол бес раундтың қорытындысы бойынша биік тұрды. Матчтағы алаң иелері үшін жалғыз жеңіліс осыдан кейін тіркелді. 64 килоға дейінгі Жәнібек Әжібай қонақ жігіт Кристиан Биельмаға есе жіберіп алды.

Ал соңғы екі жекпе-жекте де қазақ­стан­дықтар қарсыластарын техника­лық нокаутпен тізе бүктірді. Екі ай­қас та төртінші раундта аяқ­тал­ды. Ал­дымен 75 килоға дейінгі сал­мақ­тағы украин легионері Сергей Дере­вян­ченко мехиколық Диего де Хесус Морено Амадорды тас-талқан етсе, соңынан 91 килодағы Василий Левит сол үрдіспен Кристиан Демажды уа­қы­ты­нан бұрын жолдан шығарып тастады.

Сөйтіп, «астаналық арландар» алғашқы үш кездесуін де жеңіспен аяқтады. Олар келесі матчты 13 желтоқсан күні Cuba Domadores командасымен өткізеді. Кубалықтар да осы кезге дейін жеңіліп көрген жоқ. Бостандық аралының жігіттері тіпті бір ұрыста да қарсыласына дес бермей, барлық матчтарында 5:0 есебімен жеңіске жетіп келеді.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19