10 Желтоқсан, 2013

Жаңа меморандум геология саласына кадр дайындау мәселесін қарастырады

356 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Астанада «Геология – 360 градус» атты ашық әңгіме алаңы өткізілді. Мұнда Қазақстан Республикасы Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев пен еліміздің техникалық жоғары оқу орындары басшылары арасында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы кадр әлеуетін қалыптастыру бойынша түсіністік және серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.    

Кеше Астанада «Геология – 360 градус» атты ашық әңгіме алаңы өткізілді. Мұнда Қазақстан Республикасы Индус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев пен еліміздің техникалық жоғары оқу орындары басшылары арасында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы кадр әлеуетін қалыптастыру бойынша түсіністік және серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.   

Аталған меморандумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы минералды-шикізат кешені қорларын дамыту бойынша салалық бағдарламаны орындау және геология саласына кәсіби кадрларды даярлау. Осы мәселелерді талқылаған ашық әңгіме алаңына мем­лекеттік органдардың, ЖОО-лардың, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың және БАҚ өкілдері қатысты. 

Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие бол­ғаннан кейінгі экономикада қалып­­тас­қан құрылымдық өзгерістерге сәй­кес көп жылдардан бері елімізде  геоло­гия саласының мамандарына сұра­ныстың болмай келгендігі белгілі. Сондықтан салаға мамандарды даярлау мен өндірістегі кадр арасындағы сабақтастықтың бұрынғы тіні үзіліп кеткен болатын.

Алайда, қазір жағдай өзгерді. Гео­логия саласының, оның мамандарының қажеттілігі жыл өткен сайын арта түсуде. Осыған байланысты   геология мамандарын әзірлеу мен олардың біліктілігін арттыру мәселесі ҚИИДБ аясында қабылданған салалық даму бағдарламасының негізгі бөлімдерінің біріне айналды. Қазіргі таңда Үкіметте геология мамандықтарын Қазақстанның мемлекеттік сыныптауы­шына енгізу мәселесі қарастырылуда. Себебі, қазіргі кезде геологтар, гирогеологтар мен геофизиктер «Геология және пайдалы қазбалы кен орындарын барлау» мамандығы бойынша оқытылады.

2013 жылы «Геология және пайда­лы қазбалы кен орындарын барлау» саласы бойынша 3324 түлек оқу орын­да­­­рын бітіріп шықты. Оның 1456-сы мем­­­ле­кет­тік тапсырыс бойынша оқытылды.

Осы ретте Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің еліміздің кадр әлеуетін арттыру үшін қосымша шараларды қабылдауды ұсынғандығын айта кету керек. Бұл шараларда бірқатар мәселелер қарастырылған. Оның ішінде жылма-жыл өтіп жататын олимпиадаларға қатысу үшін «Жас геолог» үйірмелерін дамыту, «Болашақ» бағдарламасы бойынша ЖОО-дағы грант санын көбейту, геология мамандығы бойынша білім алатын үздік студенттерге атаулы шәкіртақыларды тағайындау, студенттерді жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерінде қарастырылған 1 пайыздық көлеміндегі аударымдарын пайдалана отырып, еліміздегі және шетелдік кәсіпорындардың қолданыстағы базаларына өндірістік тәжірибеден өтуге жіберуді ұйымдастыру және тағы басқа мәселелер қарастырылған.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19