Еуроодаққа мүше елдерде 90 күннен аса уақыт өткізгісі келетін Ұлыбритания азаматтары енді виза алуы қажет. Ұлыбритания мен Еуропалық одақ арасында келісілген тауарлар сомасына салықтар мен шектеулер болмайды. Банк, сәулет және бухгалтерлік есеп сияқты қызметтерді ұсынатын кәсіпорындар Еуропалық одақ нарықтарына автоматты түрде кіру құқығын жоғалтады, сондай-ақ кейбір шектеулерге тап болады. Ұлыбританияда ЕО-дағы ең жоғары сот болып табылатын Еуропалық сот (ECJ) үшін ешқандай рөл берілмейді.
Былтыр Ұлыбритания мен Еуропалық одақ арасында бірнеше ай бойы қызу келіссөздер жүрді. Біраз уақытқа созылған келіспеушіліктен ешқандай мәміле болмайтындай көрінген еді. Балық аулау аймақтарына қол жеткізу және ойынның тең шарттары туралы мәселелер келіссөздерге кедергі келтіруі мүмкін деген күмән болды. Тек Рождество қарсаңында Борис Джонсон мен Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен келісімге келгендерін жариялады.
Brexit аясында Ұлыбритания министрлері Британдық балық аулау флотын қалпына келтіру үшін 100 миллион фунт стерлинг (137 миллион доллар) пакетін дайындауда. Қаржылық пакет экипаждарға флотын кеңейтуге мүмкіндік бермек, өйткені Еуропалық одақ келесі бес жарым жыл ішінде балық аулауға арналған кейбір квоталардан бас тартады. Келіссөздерінің басты мақсаттарының бірі Ирландия аралындағы қатаң шекараны болдырмау еді. Нәтижесінде Солтүстік Ирландия Еуропалық одақ және Кеден одағының бірыңғай нарығының құрамында қалды.
Көпшілік дүйсенбіні тараптар үшін ең күрделі жұмыс күндерінің бірі болады деп болжаған еді. Жаңа келісімге үйренгенше шекарада жүк көліктерінің ұзын сонар кезегі болатыны заңды. Сондай-ақ Ұлыбританияның Еуропалық одақ құрамынан толық шығуына халықаралық нарық та өзінше жауап береді деп күтілуде.