10 Желтоқсан, 2013

Аймақтарға сапар қорытындыланды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Онда комитет төрағалары 28 қа­ра­ша мен 7 желтоқсан аралы­ғын­дағы депутаттардың еліміздің аймақтарына кезекті сапарының қорытындыларын хабардар етті. Сенаторлар еліміздің барлық аймақтарындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжым­дарымен кездесті, жергілікті жер­лер­дегі азаматтарды қабылдады. Парламентшілер «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру жөніндегі заң шығару қызметі туралы әңгімелеп, жер­гілікті тұрғындармен әлеуметтік және экономикалық мемлекеттік бағдарламалар аясын­дағы елі­міз­дің дамуындағы және жергілікті маңызы бар көкейкесті мәселелерді талқылады.

Сенат Төрағасы депутаттардың аймақтарға баруы және жергілікті халықпен жүздесу Парламент қыз­метінің маңызды бөлігі екенін атап өтті. Бұл жұмыстардың нәти­же­леріне заң шығару үдерістерін жетілдіру барысында зор мән берілетін болады, деді Қ.Тоқаев. Төраға, сондай-ақ, Сенаттың ал­дағы жылғы шараларын сапалы жос­парлау қажеттігіне назар аударды. «Жоспарға ұсынылатын іс-шаралар қоғамдағы аса ма­ңыз­ды мәселелерді талқылауға бағытталуы тиіс. Бас комитет­тер­дің көшпелі отырыстары да өңірлердегі өзекті мәселелермен тығыз байланысты болғаны жөн деп санаймын», деп атап өтті ол.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, парла­мент­тік тыңдауларда қаралатын мәселелер заңдардың іске асырылуымен және жалпыұлттық, өңірлік бағдарламалардың, сондай-ақ, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының түйінді бағыттарымен тығыз байланыста болғаны абзал. «Халықаралық конференциялар елімізде атқарылуы тиіс маңызды мәселелермен және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық жолдауларымен бағыттас болуы керек», деді Қ.Тоқаев.

Бюрода Сенат комитеттеріне Мәжіліс мақұлдаған заң жоба­лары бөлініп берілді. Бюро мү­ше­лері, сондай-ақ, биылғы 12 жел­тоқсандағы Сенат отырысының күн тәртібін де талқылады. Палата отырысында алты заң жобасын қарау көзделіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19